Тіркеу бөлімі: 57-25-32, +7 778 171 81 62
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, +7 708 590 88 12, 57-25-32
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-25-32, +7 778 171 81 62
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
+7 778 099 68 73
Пациенттерді қолдау қызметі

Жаңалықтар

🩺 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы дәріс

Бүгін біздің емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері №1 мектеп лицейдің жоғары сынып оқушыларына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)» тақырыбында дәріс өткізді.

👩‍⚕️ Дәріс барысында оқушылар:
* МӘМС деген не және оның маңызы неде;
* МӘМС пакеті аясындағы медициналық қызмет түрлері;
* сақтандырылу мәртебесін қалай тексеру керектігі;
* жарналарды қалай және қай жерде төлеуге болатыны туралы ақпарат алды.

Сегодня врач здорового образа жизни нашей поликлиники провела лекцию для учащихся школы №1 на тему «Обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС)».


Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынына сендіреді.

Оған алғаш рет инсульт салдарынан болған эпилепсия және цереброваскулярлық аурулар енгізілді (1 жыл бойы).

Бұл медициналық оңалтудың ерте басталуын және пациенттерді бақылаудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді, бұл емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Бір мезгілде төрт ауру — балалардың церебральды сал ауруы (БЦА), ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті — динамикалық бақылауға жататын аурулар тізбесіне (ЖБЖА) ауыстырылды және МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болады.

Кейбір азаматтар қандай медициналық қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында алуға болатынын білмейді. Ал емханаға тіркелу арқылы көптеген медициналық қызметті алып, қаражатты үнемдеуге болады. Осы жайлы толығырақ қарастырайық.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында емханаңызды білудің қаншалықты маңызды әрі тиімді екенін тағы бір мәрте еске салады.

«Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігіне зер салсақ, олардың көпшілігі қай қызметтердің сақтандырусыз көрсетілетінін, қайсысы МӘМС пакетіне кіретінін білмейді. Шын мәнінде емханада профилактикалық тексеруден бастап күрделі операцияларға дейін көптеген қызмет түрін алуға болады. Егер өз құқығыңызды біліп, тіркелген емханаңызға жүгінсеңіз, мұның бәрі тегін көрсетіледі», – деді ӘМСҚ баспасөз қызметі.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2026 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс