Тіркеу бөлімі: 57-25-32, +7 778 171 81 62
Анықтама: 57-46-81

САLL-ОРТАЛЫҒЫ: 1430, +7 708 590 88 12, 57-25-32
(МАМАНДАРҒА ЖАЗЫЛУ, ДӘРІГЕРДІ ҮЙГЕ ШАҚЫРУ)

57-25-32, +7 778 171 81 62
Тіркеу бөлімі
57-46-81
Анықтама
+7 778 099 68 73
Пациенттерді қолдау қызметі

Туберкулездің алдын алу

Туберкулёз — әлемде кең тараған, Mycobacterium tuberculosis complex (M. tuberculosis және басқа да тығыз байланысты түрлер) тобының микобактерия түрлерінен туындайтын, адамдар мен жануарлардың инфекциялық ауруы. Әдетте Туберкулёз өкпеге әсер етеді, ағзаның басқа органдары мен жүйелеріне сирек жұғады. Mycobacterium tuberculosis ауа-тамшылы жолмен таралады, науқастың сөйлескен, жөтелген, түшкірген кезінде.

Көбінесе микобактерияларды жұқтырғаннан кейін ауру асимптоматикалық формада (тубификация) жүреді, бірақ жасырын инфекцияның шамамен он жағдайының бірі ақыр соңында белсенді түрге ауысады.

Өкпе туберкулезі ұзақ уақыт бойы симптомсыз немесе аз симптомды болуы мүмкін, флюорография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы кезінде кездейсоқ анықталуы мүмкін, сонымен қатар туберкулин сынамаларын (Манту сынамасы, Диаскинтест) қою кезінде де анықталуы мүмкін.

Әдетте, алғашқы белгілерге: әлсіздік, бозару, шаршаудың жоғарылауы, летаргия, апатия, төмен температура (шамамен 37 °C, сирек 38° жоғары), терлеу, әсіресе түнде науқасты алаңдату, салмақ жоғалту кіреді. Көбінесе жалпыланған немесе шектелген лимфаденопатия анықталады-лимфа түйіндерінің көлемінің ұлғаюы.

Әрі қарай аурудың дамуы барысында зардап шеккен органның азды көпті айқын белгілері қосылады. Өкпе туберкулёзы ретінде, олар: жөтел, қақырық бөлінуі, өкпенің қырылдағаны, мұрынның ағуы, кейде тыныс алудың қиындауы немесе кеуде қуысының ауыруы (әдетте туберкулезді плевриттің қосылуын көрсетеді), қан түкіру.

ТУБЕРКУЛЕЗДЫ АНЫҚТАУ :

Ересектер мен 15 жастан асқан балалар үшін туберкулезды анықтаудың негізгі әдісі – ФЛЮОРОГРАФИЯ.

Туберкулезды қақырықты,зәрді микобактерияларға, сондай-ақ қанды зерттеу арқылы анықтауға да болады.

14 жасқа дейінгі балаларда туберкулезды анықтаудың негізгі әдісі – туберкулинодиагностика (Манту сынамасы, Диаскинтест). 15 жастан бастап (жасөспірімдер)– ФЛЮОРОГРАФИЯ.

Туберкулёздың алдын алу :

Әлеуметтік алдын алу:

- өмір сүру деңгейін жоғарлату;

- Еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту.

САНИТАРЛЫҚ АЛДЫН АЛУ:

- туберкулез инфекциясы ошақтарын санациялау;

- санитарлық и ветеринарлық бақылау;

- санитарлық-ағартушылық жұмыс;

- туберкулезбен ауыратын науқастарды ерте анықтау және емдеу.

«Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес, туберкулездың алдын алу және болдырмау мақсатында, дені сау жаңа туылған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, перинаталды орталықтың (перзентхана бөлімшесінің) егу кабинетінде Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес, баланың туылғанынан 2-4 тәулікте "Кальметта-Герена Бациллаларымен" вакцинациялау (әрі қарай – БЦЖ вакцинасы) жүргізіледі.

Профилактикалық екпелерді жоспарлау, ұймдастыру және жүргізілу Кодекстің 98 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

Перинаталдық (перзентханалық) орталықта БЦЖ вакцинасы егілмеген балалар МСАК көрсететін ұйымдарда 15 жасқа дейін бір рет: екі айға дейін – Манту сынамасын қоймай, екі айдан кейін – Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде вакцинацияланады. Манту сынамасы мен БЦЖ вакцинациясы арасындағы аралық – кемінде үш күн және екі аптадан аспайды.

Вакцинациядан кейін жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы) балалар мантудың алдын ала сынамасысыз 6 айдан кейін немесе 1 жылдан кейін (тек бір рет) – Мантудың сынамасының теріс нәтижесі шыққан жағдайда, есепке алынады және қайта егіледі (вакцинацияға дейінгі).

Туберкулезды ерте анықтау мақсатында:

      1) туберкулез ауруының жоғарғы қаупі бар халық топтары арасындағы флюорография;

      3) қауіп тобындағы балалардағы туберкулин диагностикасы (Манту сынамасы, ТРА сынамасы).

Туберкулезге міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын аурудың қаупі жоғары халық топтарының тізбесі:

1) бактерияның бөлінуіне қарамастан туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар (жылына 1 рет);

2) өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен, қантты диабетімен, алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ-инфекциясымен динамикалық байқауда тұратын адамдар. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулезді анықтау мен диагностикалауды МСАК көрсететін ұйымдардың және АИТВ-инфекциясының профилактикасы орталықтарының медицина қызметкерлері жүргізеді (жылына 1 рет);

3) иммуносупрессивті терапия қабылдайтын адамдар (жылына 1 рет);

4) өкпесінде кез келген этиологиядағы қалдық құбылыстары бар адамдар (жылына 1 рет);

5) тергеудегілер және сотталғандар (жылына 2 рет);

6) 2 жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар (жылына 1 рет).

Туберкулезге жыл сайынғы міндетті флюрографиялық зерттеп-қарауға жататын адамдардың тізбесі:

1) медициналық ұйымдардың қызметкерлері;                                                             

2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері;                                                  

3) әскери қызметке шақырылғандар;                                                                                       

4) жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және училище оқушылары;             

5) 15-17 жастағы балалар;                                                                                                                   

6) перзентханадан шыққанға дейін босанудан кейінгі кезеңдегі әйелдер;                                      

7) туберкулезге қарсы вакцинацияланбаған жаңа туған нәрестенің бірге тұратын отбасы мүшелері, оны перинаталдық орталықтан (босандыру бөлімшесінен) шығарғанға дейін;                  

8) стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерден, психикалық денсаулық орталықтарынан арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын адамдар контингенті;  

9) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар;                                                    

10) ішкі істер органдарының қызметкерлері, оның ішінде мамандандырылған күзет қызметінің, патрульдік-посттық, жол-патрульдік және учаскелік қызметтердің, тергеу изоляторларының және түзеу мекемелерінің қызметкерлері;                                                       

11) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын, сотталғандарды және қамауға алынған адамдарды тасуды, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын әскери қызметкерлер;                                                                    

12) мерзімді қызметтің әскери қызметшілері (жылына 2 рет);                                                    

13) Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың әскери қызметшілері;                                                                                         

14) тамақ өнеркәсібінің, қоғамдық тамақтану және азық-түлік саудасы объектілерінің жұмыскерлері;                                                                                                                                   

15) мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың жұмыскерлері;                                                                       

16) жоғары оқу орындарының, колледждердің және лицейлердің жұмыскерлері;                          

17) Қазақстан Республикасына уақытша тұруға, оның ішінде еңбек көші-қоны бойынша келген адамдар.

gp4.png
Астана қаласы
Шевченко к.,1
8 (7172) 57-28-65, 1430
pol_4@mail.ru
© Design by 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • БАСТЫ
  • Біз туралы
  • Жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет
  • Жаңалықтар
  • Пациенттерге
  • Қызметкерге
  • ТМККК
  • Байланыс